Қызылорда облысында 28 жастағы жігіт коронавирус жұқтырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында коронавируске шалдыққан бір науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 1 сәуірде күні жергілікті уақытпен сағат 16.15-те Қызылорда облысында COVID-19 вирусының жаңадан 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.

«Қазіргі уақытта, облыс бойынша 25 науқас тіркелді. Жаңадан тіркелген 1 науқас Жаңақорған ауданынан. Ол 28 жастағы ер адам. Науқас карантинде болған. Ол осы ауданда алдында анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған еді. Оның жағдайы қанағаттанарлық», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облысымызда қарым-қатынаста болған 485 адам анықталды. Оның 133 карантинде болса, 352 -сі үй жағдайында оқшауланған.

Еске сала кетейік, 1 сәуірден бастап Қызылорда қаласында шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды.


Соңғы жаңалықтар