Қызылорда облысында 25 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы орындалмаған жұмысқа құжат жасап, субисдия алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қаржылық мониторинг агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша тексеру жүргізіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, 25 млн теңге қаржы жымқырған.

Сот шешімімен Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.


Соңғы жаңалықтар