Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды
2021 жылғы 24 қараша 06:15

Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Pfizer вакцинасын 2 016 тұрғын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, бала емізетін және аяғы ауыр әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналау үшін Pfizer препаратының 23 400 дозасы жеткізілді.

«15 қарашадан қазірге дейін аталған вакцинаны 2 016 тұрғын салдырды. Оның ішінде жүкті әйелдер саны - 366, лактация кезеңіндегі әйелдер саны - 226, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 1424 адамды құрайды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Ведомство мәліметінще, қазір облыста коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша барлығы 19 251 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 5 дерек анықталды. Олардың 4-і вакцина алмаған адамдар.

23 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың бірінші дозасын 397 756 адам алды. Бұл - тиісті контингенттің 87,9 пайызы. Ал екінші дозасы бойынша 336 838 адам екпе қабылдады.

Еске салсақ, Қызылордада үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азамат анықталды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT