Қызылорда облысында 17 жасар қыз хабар-ошарсыз кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 17 жастағы бойжеткен із-түзсіз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада 5 наурыз күні сағат кешкі 21:00 шамасында 17 жастағы бойжеткен Ақжан Кузембаева Ақжан үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызға іздеу салады.

Ерекше белгілері: бойы: 1,55-1,60 см, толық денелі, қара торы келген, шашы қара.

Үстіне киген киімі: қара түсті қысқа куртка, ақ түсті джинсы шалбар, аяғында ақ түсті кроссовка болған.

Кәмелет жасына толмаған бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда мына телефон нөміріне хабар беруге болады: 8(7242)-29-75-20 немесе 102.


Соңғы жаңалықтар