+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі

2021 жылғы 16 тамыз 03:21
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл 1608 пәтерді құрайтын 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында Жапония үкіметінің бағдарламасы жүзеге асырылуда Алматы тұрғындары ескі үйлерін сүруді сұрап отыр Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды

Биыл облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2158 пәтерді құрайтын 105 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Ал жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Айта кетерлігі, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 695 пәтерді құрайтын 49 арендалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 232 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына табысталса, 463 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына арналған. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қор есебінен бөлінген 2.8 млрд теңгеге аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтер сатып алынады», - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласының сол жағалауынан 2022-2023 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында 9 және 12 қабатты үйлер салынады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, Қызылорда облысында биыл 355 шақырым жол жөнделеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT