Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өңірдегі қорда коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері 155,3 млн. теңгені құрайтын 6 миллионға жуық дәрі-дәрмек алынған. Оның ішінде, ыстықты түсіретін дәрі, антибиотик, вирусқа қарсы, иммуностимулятор, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар бар. Жуырда қосымша 124 млн. теңгені құрайтын дәрілік зат жеткізіледі.

«Қазіргі таңда антибиотиктердің 382 мың, вирусқа қарсы препараттардың 15 мыңнан асатын қорабы бар. Сондай-ақ, аймаққа антикоагулянттардың 1 317, ыстықты түсіретін препараттардың 166 мыңнан асатын қорабы жеткізілді. Биыл 6512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Сонымен қатар, вирусқа қарсы 134 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізілді. Дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде», - деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада науқастардың басым бөлігі қауіпті вирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған.



Соңғы жаңалықтар