Қызылорда облысында 13 адамнан дельта штамы табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында республикаға жолданған 22 сынаманың 13-інен дельта штамы анықталды. Ол жолданған сынаманың 59 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде жағдай күрделеніп отыр. Өткен демалыс күндері республика көлемінде дельта штамы тасымалданғаны жайлы анықталған. Сондықтан барлық облыстан сынама анализдер алынған болатын. Нақты ақпарат бойынша еліміздің барлық аймағында үнді штамы тіркелген. Оның ішінде 22 сынама жіберген Қызылорда облысында да анықталды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәлімдемесінде екпе егілгеннен кейінгі қалыптасатын иммунитет үнді штамына төтеп бере алады.

Сондықтан, ең басты үмітіміз егу шараларына басымдық берілуі қажет.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 7230 адамнан коронавирусты инфекция тіркелген.

Сәуір айында 1540 науқас тіркеліп, екінші толқын көтеріліп, басылды.

Ал, маусым айының 16-нан кейін бір күнде 26 адам, сонан соң 49 жағдай тіркелген.

Бүгінде өңірде карантин шаралары күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар