Қызылорда облысында 11 сайлау учаскесі сағат 6-да ашылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңіріндегі 11 сайлау учаскесінде әскерилер, мұнайшылар, емдеу мекемелерінің қызметкерлері дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында таңғы сағат 6.00-де 11 учаске ашылды. Қалған учаскелер сағат 7.00-де өз жұмысын бастады.

Аймақ бойынша барлығы 373 сайлау учаскесі бар. Оның 29-ы ерекше жағдайдағы, яғни әскери гарнизондар, тергеу изоляторлары, вахталық қалашықтар мен емдеу мекемелері.

Алғаш болып ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің 304 сарбазы мен қызметкері өз дауысын берді.

Тағы бір учаскеде «Құмкөл» кенішінде ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа сайлау учаскесіне келді.

Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар бір мезетте өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін таныта білді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 486 002 сайлаушы бар.


Соңғы жаңалықтар