Қызылорда облысында 100 мыңыншы тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Бұл оңды оқиға облыс орталығындағы №3 қалалық емханада тікелді. Қала тұрғыны Гүлнар Құлжанова облыс бойынша вакцина салдырған 100 мыңыншы адам ретінде есепке алынды.
Емхана ұжымы осыған орай оған сый-құрмет көрсетті. Ол отандық «QazVac» вакцинасын салдыруға таңдау білдірді.
«Мен бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. Денсаулығымда ешқандай қобалжу болған жоқ. Қатерлі індеттің тоқтатудың жалғыз амалы – вакцина салдыру. Сондықтан барша жерлестерімді екпе егуде белсенділік танытуға шақырамын», - деді Гүлнар Құлжанова.
Өңірде бүгінде 800 мыңнан астам адам тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың 370 мыңнан астамы екпе қабылдауы тиіс.
Ал №3 емханаға бүгінге дейін коронавирусқа қарсы 9649 доза вакцина келді. Оның 8583-і бірінші компонентте салынды. Ол 88,9 пайызын құрайды. Ал емханаға вакцинаның екінші компоненті бойынша 7945 доза әкелініп, 74,7 пайызы тұрғындарға салынды.
Еске салсақ, Қызылордада коронавирус вакцинасын салдырғандар қатарында ауыл тұрғындары көп.