+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қызылорда облысынан Парламент Сенатына депутат сайланды

2020 жылғы 12 тамыз 16:42
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысынан Парламент Сенатына депутат сайланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Сенат депутатын сайлауында Ақмарал Әлназарова басым дауысқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына үш үміткер тіркелген болатын. Олар - Ақмарал Әлназарова, Мұрат Сәрсенбаев, Айдын Қайруллаев.

Облыстық сайлау комиссиясына дауыс беруге 131 депутат тіркелді. Дауыс беруге облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Сайлау нәтижесінде Ақмарал Әлназароваға 102 адам дауыс берді. Ал Мұрат Сәрсенбаев – 25, Айдын Қайруллаев 4 дауыс жинады.

А.Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары – Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2005-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2014 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT