Қызылорда облысына қарасты ауылдың тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне шалдығуы мүмкін

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе ауылының 40 жастағы тұрғыны кеше, мамырдың 13-і күні конго-қырым қанды безгегіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

ТЖМ мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта жұқтыру ошағына залалсыздандыру іс-шаралары жүргізілген. Сонымен қатар аталған азаматпен байланыста болған 11 адам анықталып, олар дәрігерлердің қадағалауына алынды.

Соңғы жаңалықтар