Қызылорда облысына 8 мың доза Спутник-Лайт» вакцинасы жеткізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына 8 мың доза «Спутник-Лайт» вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста өткен тәулікте 124 адам коронавирус жұқтырды. Оның 43-нен ауру белгісі байқалса, 81-і симптомсыз. Ал инфекциялық стационарда 368 науқас ем қабылдауда. Өңірде ревакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазірге дейін 39 537 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдады.

«Қазіргі таңда өңір «қызыл» аймақтар қатарында. Індет жұқтырушылар қатары күн сайын артып барады. Сондықтан тұрғындарды вакцинациялау маңызы артып тұр. Қазіргі таңда бірінші комнонентін алғандар 92,6 пайызға жетті. Ал екінші компонентін алғандар 87,8 пайызды құрады. Ал облыстағы 39 537 тұрғын ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ, өңірге 8 мың доза «Спутник-Лайт» вакцинасы жеткізіліп, барлық емханаларға жөнелтуде. Ал «Ffizer» вакцинасын 22 333 тұрғын қабылдады. Жалпы барлық емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Еске салсақ, Қызылорда облысының Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.



Соңғы жаңалықтар