Қызылорда облысын газдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазір оның негізгі үлес 65% жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 8 ай қорытындысын саралап, бірқатар салаларда оң динамика қалыптасқанын мәлімдеді.

Облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Негізгі үлес 65 пайызға жетті. Биыл Тереңөзек, Жосалы мен Жалағаш кенттері секілді аудан орталықтары газдандырылған. Ал жыл соңына дейін Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдарын газдандыру аяқталады. Ал Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылдарын газдандыру шарасына республикалық бюджеттен 500 млн теңге қаржы бөлініп, оған мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары осы айда басталады деп күтілуде. Жыл соңына дейін облыста газбен жабдықтау үлесін 67,4 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыста биылғы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша бірқатар салада оң динамика байқалды. Атап айтқанда, есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 158,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3,3% жоғарылады. Ал, жеке инвестициялар көлемі 114,8 млрд теңгені (үлесі 72,6 %) құрап, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 11,1% артты. Тұрғын үй салу жоспары 644,7 мың шаршы метр болса, 8 айда тұрғын үйді пайдалануға берудің болжамды көлемі 443,3 мың шаршы метрді құрап отыр.

Өңірде қазірге дейін 4 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 15 нысанның құрылысы аел иігілігіне айналады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесті.


Соңғы жаңалықтар