кеше 22:23 Қызылорда облысында прокуратура 600 кәсіпкердің бұзылған құқығын қалпына келтірді ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасының қолдауымен 600 кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:30 Қызылорда облысының әкімі балаларға жаңа автобустар мен лагерьге жолдама сыйлады ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент паркінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысып, балаларды құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.05.2023 17:51 Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 09:25 Азық-түлікті ысырап қылған корпорация басшысы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында азық-түлікті ысырап қылған корпорация басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
29.05.2023 14:51 Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Исатай Сәбиұлы Ансат тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 14:40 Қызылорда облысы жемқорлықпен күрес департаментінің басшысы тағайындалды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 11:49 Қызылорда облысында 5,5 мың метрлік тереңдіктен мұнай іздеу жүргізілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында 5,5 мың метрлік тереңдіктен мұнай іздеу жүргізілмек. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 11:24 Қызылорда облысының мұнай экспорты квотасын ұлғайтуға әлі ерте АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының мұнай экспорты квотасын ұлғайтуға әлі ерте. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.05.2023 18:10 Бір-біріміздің сырқаттанып қалғанымызды сеземіз – қызылордалық егіздер ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Әлем жұртшылығы жылма-жыл 29 мамырда егіздер күнін атап өтеді. Отбасында бірден екі нәрестенің дүниеге келуі ерекше оқиға ретінде бағаланады. Ел арасында олар жайында айтылатын қызықты әңгімелер де аз емес. Кейінгі жылдарда әлемде егіздердің дүниеге келуі арта түскен көрінеді. Бұл жылма-жыл атап өтетін егіздер күнінде жиі айтылып жатады. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы Арал ауданында полиция бөлімінде қызмет атқаратын Байқазақ Сағиев пен Әліби Аралбаевты әңгімеге тартқан еді.
28.05.2023 14:44 Қазақ тілін меңгеруіме ауыл адамдары көмектесті – қызылордалық мұғалім ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын Наталья Баркова қазақ тілінде мүдірмей сөйлейді. Қазір жергілікті мектепте бастауыш сыныпта сабақ беретін ол сан алуан қоғамдық шараларда белсенділігімен көзге түседі. Қазақ жігітімен отау көтеріп, бүгінде шуақты шаңырақта келіндік міндетін атқарып келеді. ҚазАқпарат тілшісі Натальямен сұхбатында оның қазақ тілін үйренуі, қоғамдық қызметі және өзге де тақырыптар бойынша ой бөліскен еді.
27.05.2023 17:47 Биыл Қызылорда қаласында Темірбек Жүргеновтің ескерткіші бой көтереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстандағы мәдениет, әдебиет саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толады. Тарихи тұлғаның мерейтойын атап өту мақсатында Үкімет жалпыреспубликалық жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 17:18 Қызылордада 900 грамм салмақта дүниеге келген нәресте үйіне шығарылды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада наурызда 900 грамм салмақта дүниеге келген екі айдан кейін үйіне аман-есен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 16:16 Велоспортта талантты жастар өсіп келеді – қызылордалық бапкер ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр топырағынан спорт саласы бойынша талай талант түлеп ұшты. Солардың бірі белгілі велошабандоз - Берік Көпешов. Таспадай тізілген тасжол үстіндегі тартысты бәсекеде талай мәрте топ жарған шебер еліміздің абыройын аспандатты. Қазақ велоспортының дамуына үлкен үлес қосты. Өзінен кейінгі ізбасар інілеріне үлгі болды. ҚазАқпарат тілшісі бүгінде туған жерінде бапкерлік қызметпен айналысып жүрген Берікті әңгімеге тартқан еді.
26.05.2023 13:37 Қызылордада көлігіне қарақұйрықтың ұшаларын тиегендер ұсталды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
26.05.2023 00:36 Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 15:03 Қызылорда қаласында мекеме ауласында шиналар жанып жатыр ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында мекеме қоймасында шиналар жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 14:00 Арал теңізінде балық жаппай қырылуы мүмкін – депутат АСТАНА. ҚазАқпарат – Арал теңізінде судың тұздылығы көбейсе, балық жаппай қырылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 11:31 Байқоңыр ӘКК 852 млн теңгеден астам қаржыны бюджетке қайтармаған ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының қайтарылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.05.2023 21:05 Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық оқушы Роза Садық математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 09:19 24 мамырында Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-23» ғарыштық жүк көлігін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.