Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына әкім тағайындалды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақорған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Тілеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы келді.

Мұрат Тілеумбетов 1963 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда құрылыс трестінің жұмысшысы ретінде бастап, аталған мекемеде шебер, инженер-жабдықтаушы және шағын кәсіпорын директоры лауазымында 1995 жылға дейін қызмет атқарған.

1995-2010 жылдары «Интертич-Кезнар» шағын өндірістік кәсіпорнының өкілі, «Ақ маржан» акционерлік қоғамына қарасты «Реалбаза» мекемесінің директоры, «Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болған.

2010-2017 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.

Ал 2017-2019 жылдары «Жаңақұрылыс», «Қызылорда тазалығы», «Автобус паркі» ЖШС-де басшылық қызметте болса, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды.

https://kaz.inform.kz/news/kyzylorda-oblysy-karmakshy-audanynyn-akimi-tagayyndaldy_a3909680


Соңғы жаңалықтар