Қызылорда облысы Жалағаш ауданына жаңа әкім келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Асқарбек Темірбекұлы Есжанов тағайындалды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында Жалағаш ауданының жаңа әкімін таныстырды.

Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы дүниеге келген.

Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастады.

Одан кейін 2002-2005 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасының кітапхана, музей, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінде маман, бас маман болды.

2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық сотында, 2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Ал 2010-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, Қызылорда қалалық білім бөлімінің, қалалық мәслихатының аппарат басшысы болды.

2019-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызмет атқарды.

2020-2021 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болса, 2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске салсақ, б үгін Қызылорда қаласына жаңа әкім келді .


Соңғы жаңалықтар