+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылорда облысы вакцина салу жөнінен алдыңғы қатарда келеді

2021 жылғы 4 тамыз 13:21
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысы вакцина салу жөнінен алдыңғы қатарда келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина салдыру жөнінен елімізде алдыңғы қатарда келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы вакцинаның 18 млн дозасы салынды Елімізде 7,2 млн адам вакцина алды Атырауда шалғай ауыл тұрғындары вакцина бекетіне пойызбен тегін жеткізіліп жатыр

Елімізде қатерлі індетке қарсы екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді.

Бүгінге дейін облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны 225 110 адамға жетсе, халықтың қамтылуы 55,8 пайызды құрады.

Ал 2 компонентін алғандар - 160 557 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең.

«Өңірге отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізіліп, қала, аудан емханаларына бөлінді. Тұрғындар егу жұмыстарын бастап та кетті», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 адам короновируспен ауырған. Толық 2 компонентін алғандардың ішінде ол 22 жағдай ғана тіркелді.

Адам денесінде толық иммунитет қалыптасу үшін 14-45 күн өтуі қажет.

Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған.

Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 89 адамның жағдайы өте ауыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT