Қызылорда облысы тұрғындарының 91 пайызы жергілікті прокуратура жұмысына оң баға беріп отыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы тұрғындарының 91 пайызы облыс прокуратура органдарының жұмысына оң баға берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сараптаманы «Сыр-медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының сарапшы-аналитиктері жүргізген. Ол Қызылорда облысы тұрғындарының аймақтағы құқық қорғау және арнайы органдарының жұмыстары жөніндегі бағаларын, олардың сала қызметіне деген сенімділік деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Стандартты 14 сұрақтан құралған сауалдама «face to face» әдісі бойынша түзілген. Ол Қызылорда қаласы мен Арал, Сырдария және Жаңақорған аудандарының, яғни аймақтық бір-бірлеріне қашық орналасқан 3 өңірінің жасы 18-ден асқан тұрғындарын қамтыған. Онда 700 респонденттен жауап алынған.

Сараптама аймақ жұртының 83 пайызы облыстағы құқық қорғау органдарының жұмыстарына оң баға беретінін көрсетті. Оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметін толық оң бағалағандар шамамен әрбір екінші респонденттің пікірінен анықталса, теріс дегеннен гөрі оң деп санайтындар әрбір үшінші респонденттің пікірінен көрінді. Ал құқық қорғау органдарында бәрінен жоғары бағаға - 91 пайыздық көрсеткішке облыстың прокуратура органдары жетті. Бұдан бөлек, респонденттердің 89 пайызы прокуратура қызметкерлері өз міндеттерін ойдағыдай атқарады деп санайды. Сол сияқты сұралғандардың 85 пайызы жұртшылықтың облыс сала қызметкерлері жөнінде жақсы пікірде екенін білдірген. Ал 61 пайыздық мөлшер прокуратура органдарына толық сенетіндерін жеткізген.

Соңғы жаңалықтар