Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Динара Олжабайқызы Жанабергенова тағайындалды. Ол 1979 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жалағаш аудандық санитарлық- эпидемиологиялық станциясының еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері болып бастаған. Одан кейінгі жылдарда Жалағаш аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде қызмет атқарды. 2012 жылдан Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болса, 2017-2020 жылдарда Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде бөлім басшысы болды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімі басшысы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар