Қызылорда облысы Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды. Бұл қызметке Мұхтар Қожабаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхтар Қожабаев 1968 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметінің жеке батальонының жол-патрульдік полициясының инспекторы болып бастады. Одан кейін 1993-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Келес, Сарыағаш, Мақтарал аудандарында полиция түрлі қызметтер атқарды.

Одан кейінгі 2004-2008 жылдары ІІМ Жол полициясы департаменті мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД басқарма бастығының орынбасары, патрульдік қызмет бөлімінің бастығы, Жол полициясы басқармасының бастығы болды.

2009 жылғы наурыздан қарашаға дейін Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары. 2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 2015-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2018 жылдың шілде-қараша айларында Түркістан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қараша айынан Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды.

Еске салсақ, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар