Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Ғалым Тұрсынбаев агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ Химия-технология институтын «инженер-құрылысшы - технолог» мамандығы бойынша, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқарудың ұлттық жоғарғы мектебiн «мемлекеттiк басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн «заңгер» мамандығы бойынша бiтiрген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында - 18 жылға жуық.

Ғалым Тұрсынбаев осы кезге дейін агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының қызметін атқарған.

«Құрмет» орденінің иегері, бірқатар мерекелік медальдармен және төсбелгілерімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар