+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

2020 жылғы 22 қазан 02:40
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының жастар басқармасына жаңа басшы тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Рафхат Бисенов агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметіне тағайындалды.

Р. Бисенов 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы», 2014 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2005-2007 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші, бас маман болды. 2007-2012 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, консультант-инспекторы, бөлім, басқарма басшысы болған. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT