Қызылорда облысы мәдениет және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Руслан Рүстемов келді.

Р.Рүстемов 1968 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы ретінде бастаған.

1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2002-2010 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болды.

2010-2019 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы болған, екі мәрте Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған.

2019 жылдан бастап Сырдария, Жаңақорған аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Еске салсақ. бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды


Соңғы жаңалықтар