Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке Асқарбек Темірбекұлы Есжанов келді.

А. Есжанов 1978 жылы дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінде оқытушы болып бастады. Одан кейін 2002-2005 жылдары Қызылорда облысының мәдениет басқармасының кітапхана, музей, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінде маман, бас маман болса, 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық сотында, 2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Ал 2010-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихатының аппарат басшысы болды.

2019-2020 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарып, 2020 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар