Қызылорда облысы құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Бердияр Автайұлы Пірімбетов келді. Ол 1959 жылы дүниеге келген.

Б. Пірімбетов Алматы темір жол транспорт инженерлері институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Қызылорда қаласының № 355 құрылыс-монтаж поезының құрылыс мастері ретінде бастаған.

1987-1995 жылдары Батыс Қазақстан теміржол көлігі Ақтөбе жол-құрылыс тресті №355 құрылыс-монтаж поезының құрылыс мастері, бас инженері, поезд бастығы, Батыс Қазақстан теміржол көлігінің жөндеу-пайдалану құрылыс қызметінің бастығы болды. Ал 1995-1999 жылдары Ақтөбе қаласының «Зеленстрой» АҚ вице-президенті, Ақтөбе қаласының «Табиғат» ЖШС директоры болды. 1999–2008 жылдары «Қазақстан теміржолы» РМК «Желдорводотеплоснабжение» ЕМК Ақтөбе қаласындағы Батыс аймағы бойынша аймақтық өкілі, директор орынбасары, Ақтөбе облысының күрделі құрылыс, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармалар бастығының орынбасары жауапты қызметтерін атқарған. 2006-2017 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс департаменті директоры, облыстық құрылыс басқармасының бастығы, Ақтөбе облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы лауазымында болды.

2017 жылдан осы кезге дейін «Инжиниринг стройгрупп» және «Отес-Актобе» ЖШС-нің техникалық қадағалау бойынша инженері қызметін атқарды.

Бұдан бұрын Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келген еді.


Соңғы жаңалықтар