Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен бірыңғай конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбараков келді. Ол 1973 жылы дүниеге келген.

Қызылорда политехникалық институтын«экономист-менеджер», Қызылорда гуманитарлық институтын«заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент совхозында слесарь болып бастаған.

Одан кейін әр жылдары облыс бойынша салық комитетінің маманы, аға салық инспекторы, сондай-ақ, Шиелі және Жаңақорған аудандарының салық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2004-2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің төраға орынбасары, 2011-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.

2019-2021 жылдары Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, 2021 жылдан осы кезге дейін Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысының мемкірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар