Қызылорда облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен Елена Николаевна Шаврова келді. Елена Шаврова 1971 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы облыстық қаржы басқармасының экономисі ретінде бастаған.

1994-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының жетекші және бас экономисі, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, бөлім басшысы жауапты қызметтерін атқарған.

2013 жылдан осы кезге дейін аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келген болатын.


Соңғы жаңалықтар