Қызылорда облысы халқының 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Арал ауданы Шижаға елі мекенінде қайта жаңғыртылған сумен қамту жүйелерін іске қосу рәсімі өтті. Оған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал ауданы əкімінің баспасөз хатшысы Сая Ералиеваның хабарлауынша, Арал ауданында мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешім тауып, жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта Арал ауданында айтарлықтай істер атқарылуда.

Осы орайда, өткен жылы аудандағы 7 елді мекенде ауыз сумен қамту жүйелерін жүргізу қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып, елді мекендердің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын толық аяқтады. Жұмыс барысында барлығы 43,5 шақырым магистральді желі жүргізіліп, су сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елді мекен бойынша, 409 дана су есептегіш құрылғысы және 212 көру құдықтары орнатылған. Су мұнарасының көлемі - 50 текше метр», - дейді баспасөз хатшы.

Айта кету керек, Қызылорда облысында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші республика бойынша ең жоғары- 97 пайыз. Алдағы жылдары елді мекендерді сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізілетін болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар