Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімімен Қызылорда облысы бойынша уәкіл қызметіне Дәурен Сақтапбергенұлы Шәріпбаев тағайындалды.

Ол 1977 жылы Семей облысында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келген.

Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін«Заңгер» және Азаматтық авиация академиясын«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Семей облысы Шар ауданындағы Калинин атындағы мектебінің тарих пәні мұғалімі болып бастаған.

1996-2010 жылдары Семей облысы Шар аудандық сотының хатшысы, сот орындаушысы, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар облысы Баянауыл аудандық сотының төрағасы, адвокаттар алқасының мүшесі қызметтерін атқарған, 2010-2020 жылдары кәсіпкерлік, өндіріс кәсіпорындарында басшылық қызметтерде еңбек еткен

2020-2022 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының заң мәселелері жөніндегі консультанты және ҚР Сыртқы істер министрлігінің KazAID қазақстандық даму агенттігі акционерлік қоғамының бас заңгері лауазымдарын атқарған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркістан облысында адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар