Қызылорда облысы Бидайкөл ауылына газ тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Бидайкөл ауылы тұрғындары газ желісіне қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту қажеттігіне тоқталып өтті. Сыр өңірінде аталмыш бағытта нәтижелі істер жүзеге асып келеді.

Шиелі кенті тұрғындары 2015 жылы «көгілдір отынға» қол жеткізді. Бүгінгі күндері ауданға қарасты бірқатар елді мекен тұрғындары газды пайдалана бастады. Былтыр Ыбырай Жақаев ауылының жұртшылығы газ игілігін көруге қол жеткізді. Енді оның қатарына Бидайкөл ауылы қосылып отыр. Бидайкөл ауылы аудан орталығы - Шиелі кентінен 3 шақырым жерде орын тепкен. Қазір елді мекенде 3 мыңға тарта адам тұрады.

Бидайкөл ауылы тұрғын үйлеріне газ жүргізу жұмысын «Демеу ИК» ЖШС өз қаржысы есебінен жүргізді. Бүгінгі күнге 21 шақырым көше бойы қазылып, құбыр тарту жүзеге асты.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының орталықтары газға қосылған. Бұл жоба «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынша қолға алынған. Нәтижесінде аталмыш аудандарда 22 мыңнан астам отбасы «көгілдір отын» игілігін көріп отыр.

Алдағы уақытта Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының орталықтары және Арал ауданындағы Жақсықылыш кенттін газдандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Соңғы жаңалықтар