Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Қалиев Ғанижан Піртазаұлы тағайындалды.

Ғ.Қалиев 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бақылаушы-ревизоры ретінде бастаған. 1992-2010 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты комитеттерінде бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы, Әділет министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ал 2010-2019 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша департаментінің басшысы болды.

2019 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігінің

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ауысты.


Соңғы жаңалықтар