Қызылорда облысы Астана мерейтойына зымырандарды сыйға тартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев елорданың 20 жылдық мерейтойына дайындалып отырған сый жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыйлыққа қатысты облыстық мәслихат депутаттарымен ақылдастым. Әрине, біз демеушілік қаржымен шеше аламыз, алайда бұл облыстың да үлесі болуы керек қой. Егер де 2013 жылы Қызылорда облысының бюджеті 107 млрд теңге болса, бүгінде 290 млрд теңгеге жетті. Осы орайда Президенттің қолдауы ықпал етті», - деді Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, депутаттар сыйлық аясында 1,5 млрд теңге бөлу керектігін алға тартқан.

«Бұл біздің жаңа елордаға деген ізгі ниетіміз, біздің Президентке деген алғысымыз. Сондықтан осындай шешім қабылдадық», - деді өңір әкімі.

Осы қаржыға зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейі салынатын болады.

«Бұл өте әсем нысан болады. Әуежайдан қалаға қарай жолмен жүргенде оң жақтарыңыздан «Нұр Әлем» сферасы көрінеді, ал сол жақта Тұран даңғылы бойында биіктігі 70 метрлік зымыран тасығыштар, яғни «Союз», «Протон», «Зенит» орналасады», - деді Қырымбек Көшербаев.

Бұл нысанның құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатын  болады.

Соңғы жаңалықтар