Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
2021 жылғы 2 сәуір 12:42

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Балжан Мөрәліқызы Шәменова облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Б. Шәменова 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы «Риссовхозстрой» тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.

1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған. 1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.

2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі. 2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры. 2016-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.2019 жылғы қыркүйек айынан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT