Қызылорда облысы әкімінің орынбасары коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Спутник V» вакцинасын аймақта бірінші болып салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең облысқа «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы келді. Жалпы, жыл ішінде 80 мың доза кезең кезеңімен жеткізіледі. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен сырқатанатын топтағы адамдарға салынады. Ал 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқар қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды.

«Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған», - деп мәлім етті Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Айта кетерлігі, Қызылордада науқастардың басым бөлігі коронавирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар