Қызылорда облысы әкімдігінде үш басқарма басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үш басқарманың басшысы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің өкімімен «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды.null

Қ. Абсұлтанов 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Мал өнімін өндіру технологиясы» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Бозгүл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы ретінде бастаған.

2000-2010 жылдары жеке және қаржы секторларында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2010-2017 жылдары Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысы.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды.null

Ж. Абатов 1979 жылы туған. Қазақстан Республикасы Тергеу комитетінің Алматы жоғарғы тергеу мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда облысының ішкі істер органдарында тергеуші болып бастаған.

2004-2013 жылдары Кеден органдары мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2013-2016 жылдары «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде топ басшысы, директордың орынбасары.

2016 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.


Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен Индира Сансызбайқызы Ақжігітова Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

И.Ақжігітова 1973 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Физика және информатика» және 2009 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.null

Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда политехникалық институтының физика және электротехника кафедрасының ассистенті ретінде бастаған. 2001-2005 жылдары «Облыстық білім берудің жаңа технологиялар мен информатизациялау орталығы» МҚК - ның директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің программисті, бас маманы, 2007 - 2017 жылдары облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар