+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

2020 жылғы 29 қыркүйек 23:36
Бөлісіңіз:
Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметке Сұлтан Ысқақұлы Мақашов келді.

Сұлтан Мақашов 1961 жылы дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-құрылысшы» және Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатының слесарі болып бастаған.

1984-1994 жылдары №1604 жылжымалы механикаландырылған колоннада монтажник, № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб және 2 азаматтық құрылыс мекемесінің бас инженері, бөлім бастығы болды.

Ал 1995-1996 жылдары Қазалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, 1996-2012 жылдары «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2012 - 2019 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданының әкімі болса, 2019-2020 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы тағайындалғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT