USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ең үздік қазақ тілді мекеме болып танылды (ФОТО)

2015 жылғы 14 желтоқсан 22:51
Бөлісіңіз:
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ең үздік қазақ тілді мекеме болып танылды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысында өткен «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті І орынды жеңіп алып, «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атанып, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы ОТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 34 облыстық және аумақтық мекеме қатысты. Байқауда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде құжаттар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 8,9,10,11 және 21 баптарына сәйкес жүргізіледі, шығыс және ішкі хат-хабарлар 100 пайыз мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT