Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды.

А. Есмаханов 1982 жылы дүниеге келген. Ол Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы және несие», Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Саясаттану» магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2006-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған.

2012-2015 жылдары Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы болды.

2015-2018, 2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ішкі саясат бөлімдерінің басшысы болды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы бақылау жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданына жаңа әкім қызметке келді.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар