Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

None
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Исатай Сәбиұлы Ансат тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Исатай Аңсат 1972 жылы дүниеге келген. Қазақ Политехникалық институтын «Есептеу техникасы, кешендері, тараптары және жүйелері», «Болашақ» университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1996 жылы «Сырдария мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының инженер экспедиторы болып бастаған. 1997-2002 жылдары екінші деңгейлі банктер мен жеке секторда түрлі деңгейдегі лауазымдарда қызмет атқарған. 2002-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, Астана қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әкімшілік департаментінің басқарма бастығы, болды.


2009 жылдан бастап осы кезге дейін бизнес құрылымында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Еске салсақ, Қызылорда облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар