Қызылорда облыстық экология департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық экология департаментіне жаңа басшы келді. Бұл қызметке Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық және Қазақ гуманитарлық заң университеттерін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде есепші болып бастаған. Кейінгі жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясы ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы секілді жауапты қызмет атқарған.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар