Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурс нәтижесімен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен аталған қызметке Мейрамбек Шермағанбет келді.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл мектебінің тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

1995-2000 жылдары Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектепте мұғалім, директор орынбасары болған. 2001-2004 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2007-2009 жылдары облыстық білім, 2009-2011 жылдары облыстық тілдерді дамыту басқармаларының, 2011-2016 жылдары облыстық аумақтық білім саласын бақылау департаментінің басшысы болды.

2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап «Орда Инвест» корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар