Қызылорда мен Жезқазғанды жалғайтын жол қайта жөнделіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 218 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» тасжолында жөндеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Қызылорда-Жезқазған» (218 шақырым) автожолын қайта жаңарту жұмысы басталды. Ұлытау облысы аумағындағы учаскелер бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жүріп жатыр. Сондай-ақ жекелеген учаскелерде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу аяқталуға жақын», - деді ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ-де өткен брифингте.

Еске сала кетсек, былтыр Мемлекет басшысы «Жезқазған-Қызылорда» автомобиль жолының құрылысына қатысты тапсырма берген еді.

«2024 жылы Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге, сонымен қатар жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Екібастұзда өткен моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Бұған дейін автомобиль жолдары комитетінің басшысы жыл соңына дейін республикалық жолдардың 91 пайызы талапқа сай болатынына сендірді.

Сондай-ақ жыл соңына дейін елімізде ақылы жолдардың бағасы өзгереді.


Соңғы жаңалықтар