Қызылорда мен ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Өңірдің кей жерлерінде бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Ертең Өскемен қаласында бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып cоғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі.

1 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді, екпіні 25 м/с сақталады.

Еске сала кетсек, бүгін де еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болды.

Соңғы жаңалықтар