Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ҚАЖ департаментінің басшылары ауысты

2019 жылғы 18 сәуір 19:48 448
Бөлісіңіз:
Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ҚАЖ департаментінің басшылары ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңірлердегі қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер болды, депхабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы болып тағайындалды Қазақстандағы апта ішіндегі жаңа кадрлық тағайындаулар

Бүгін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Ішкі істер министрі, генерал-майор Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы лауазымына СҚО ҚАЖ депаратментін басқарған әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы тағайындалды.

Әділет полковнигі Нәкенов М. С. 1974 жылы Көкшетау облысында туған, заңгерлік бойынша  жоғары білім алған.

Пенитенциарлық жүйедегі қызметін 1997 жылы СҚО ІІБ ҚАЖ басқармасының мамандандырылған медициналық-профилактикалық мекемесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Түрлі жылдары ол облыстық ҚАЖ депаратментінің басшысының орынбасары, мекемелер басшысы қызметтерін атқарды.

Дәл осындай бұйрықпен Әділет подполковнигі Басаров Жасталап Ерсайынұлы Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін Ж. Басаров Атырау облысындағы ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Басаров Ж.Е. 1972 жылы Ақтөбе облысында туған. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбек жолын Ақтөбе облысындағы ҚАЖ басқармасының ҚА-168/3 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім тәрбиешісі болып бастаған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT