Қызылорда мектептерінде санитарлық талаптар қатаң қадағаланады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мектептерде санитарлық талаптарды қадағалау мақсатында тұрақты түрде тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатта Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары нақты іс-шараларды қолға алды. Департаменттің аумақтық басқармалары жүргізген ерекше тәртіп бойынша тексерумен 280, жоспардан тыс тексерумен 191 мектеп қамтылды.

Нәтижесінде санитариялық талаптарды бұзғаны үшін 252 санитариялық нұсқама беріліп, 324 әкімшілік айыппұл салынды. Ал 3 мектептің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеуі бойынша олардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Анықталған кемшіліктер бүгінгі күні қалпына келтірілді.

«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысына сәйкес короновирус инфекциясының алдын алу, оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Барлық мектеп байланыссыз термометрлер, санитайзерлер, антисептиктер, залалсыздандыру кілемшелері мен залалсыздандыру дәрмектерімен жеткілікті қамтамасыз етілді», - деді блыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуақбаева.

Ведомство мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін орта мектептер мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары «Ashyq» қосымшасына толық қосылды.

Білім беру ұйымдарындағы коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері департамент мамандары тарапынан күн сайын мониторинг жүргізіліп, бақылау жасалуда.

Еске салсақ, Қызылорда облысында мұғалімдердің 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар