Қызылорда мектебінде жәдігерлері 50 чемоданға сақталған музей бар

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат  -  Қызылорда қаласындағы №235 Көмекбай Қаракөзов атындағы орта мектепте ерекше музей бар. Оны жасақтаушы Күләш Алматшаева көнеден жеткен кейбір жәдігерлерді арнайы шабаданға салып сақтауымен ерекшеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл идея қалай басталды? Аталмыш мектеп 1972 жылы ашылған еді. Білім ұясының ашылу салтанатында Күләш Алматшаеваға ең жас ұстаз ретінде символикалық кілт табыс етілген. Сол жәдігерді ұқыпты түрде сақтай білді. Одан кейін сол кілттің қатарын толықтыруға мән берді. Алдымен оның қатарына алғашқы қоңырау, мектептің төлқұжаты толықтырды. Жас маманның  ұсынысына сол кездегі мектеп басшысы Рахат Құлтанов қолдау білдірді. Ол кісінің жинаған жәдігері үш қапқа жеткенге ұқсайды. Осылайша күннен күнге ескінің көзіндей болған құндылықтар қатары көбейе берді.

«Менің көне дүниелерге қызығушылығым оянды. Бірде танысымның үйіне қыдырып барған едім. Сонда мал қырқатын қырықтыққа көзім түсті. Сұрастырып көрдім. Ол дүниені сол үйдегілер кәдеге жаратпағанына жиырма жылдың жүзі болып қалған екен. Үй иелеріне қолқа салдым. Мектепте балалар көрсін деген ойымды жеткіздім. Қазір ол жәдігер мектептің мұражайында сақтаулы тұр. Бертін келе мұндай дүниелерді шабаданға салып сақтауға назар аудардым. Бұл да музейдің ерекшелігін көрсетеді. Чемоданның өзі - көненің көзі. Олардың арасында пайдаланғанына 50-60 жылдай болғаны да бар. Қазір мұндай дүниелер мектептің «Атамекен» мұражайында сақтаулы тұр», - деді Күләш Алматшаева.
null

Ол кісі осындай дүниелермен талай көрмелерге қатысып келеді. Осындай игі шараның бірі - Мұқағали Мақатаевтың құрметіне өткізілген көрме. Аталмыш шара барысында еліміздің 19 қаласынан келген коллекционерлер арасында Күләш Алматшаева бас жүлдеге ие болып қайтты. Қазіргі таңда олардың қатары 50 шабаданға жинақталған. Тіпті, оларға сыймай тұрғаны да кездеседі. Музейге келген азаматтар мұнда екі ғасырға жуық тарихы бар келіні көзі шалады. Сондай-ақ, бірден алыстан менмұндалап көрініп тұратын ұлттық киімдер, сандық, кебеже, зергерлік бұйымдар жасайтын көрік, тулақ, бөстек, шалғы, орақ, үтік, қақпан түрлері, білте шамдар, көне ыдыс-аяқтар аалмыш орынның көркін келтіріп тұрған жайы бар.

«Чемоданның арасындағы ең ескісі - 1941 жылы Алматыдан жасалғаны. Сонымен қатар, сол бір жылдардан хабар беретін шинель, бешпент, жауынгердің ыдыстары да бар. Олардың кейбірі - майдан даласынан келген жауынгерлер тұтынған дүниелер. Мұндай жәдігерлер қатарында немістің пышағы мен ас ішкен қасық та бар», - деді К.Алматшаева.
null

Айта кетелік, Күләш Алматшаева бұл дүниелерді өте ұқыпты түрде жинаған. Олар жайында шағын деректер қоры да назардан тыс қалмаған.  Атап айтқанда, «Бір хаттың ізімен», «Мәскеу үшін шайқас», «ҰОС соғысы жылдарындағы Кеңес батырлары», «Сырдан шыққан тұңғыш партизан қыз», «Жер-су атаулары», «Қамыс қала. Ақмешіт. Перовск», «Жаңа Қызылорда», «Туған қалам - Қызылорда», «Білім ордалары» секілді сан түрлі атаулармен папкалар жинақтаған.

«Енді мектеп музейінің есігі жайында айта кетейік. Оның да сыры бар. Бұл - осыдан жиырма жыл бұрын болған оқиға. 1998 жылы Елбасының Сыр өңіріне сапарында №12 І.Қабылов атындағы мектепке келетіні белгілі болды. Сол кезде біздің мектеп мұғалімдері Маралбек Исаев пен Асқар Жұматаев ағаштан ойып киіз үйдің сықырлауығын жасады. Есіктің нақышын көрген Мемлекет басшысы өз ризашылығын білдірді», - деді К.Алматшаева.
null 

Жалпы, коллекция өте жауапкершілікті қажет етеді. Оның әрбірі біздер үшін құнды мұра. Ата-баба аманатына адалдық танытқан Күләш Алматшаева осылайша жас ұрпаққа көненің көзін дәріптеп келеді.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында құстар бағы орын тепкен мектеп те бар. 

Соңғы жаңалықтар