Қызылорда мектебінде оқушы абайсызда бұрыш баллонын сеуіп алған

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада оқушы абайсызда бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қараша күні Қызылорда қаласы полицияның «102» арнасына қала аумағында орналасқан мектептердің бірінен хабар түсті.

Онда балалардың белгісіз заттан улану дерегі тіркелгені айтылған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды.

Дер кезінде оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.

Мектепте полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері өз жұмысын атқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Тексеру барысында аталған мектептің оқушысы бұрыш баллонын ойнап тұрып сеуіп алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 140 бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар