Қызылорда-Көкшетау: Жолсеріктер билетсіз мінгізгені үшін қанша ақша алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы бақылаушылар тобы жолаушылар тасымалы саласындағы заңсыз әрекеттерді анықтады. Атап айтқанда, бірқатар поездардың жолсеріктері билетсіз жолаушыларды мінгізгені үшін ашық түрде ақша сұраған. Соның бәрі бейнекамераға жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Видеода департамент мамандары алдымен «Көкшетау - Қызылорда» бағытындағы поездың жолсерігіне жолығып, билетсіз астыңғы орынды тауып беруін сұрайды.

«12 мыңнан бар. Егер соған неғыламын десең, қазір жатқаннан Шымкентке дейін жатасыз. Купенің ішінде астыңғы орын. Маған ақшаны беріп кетесің. Мен жатқызып кетемін. Өзім 7-ші вагонда боламын», - дейді Күлән есімді жолсерік.

Осыдан кейін бақылаушылар «Петропавл-Алматы» бағытындағы жүрдек поездың жолсерігіне жолықты. Ол да ақшаға жеткізіп беруге келісті. Ал «Көкшетау-Қызылорда» поезының жолсерігі жатқызатын орынға дейін көрсетіп берді.

«10 болады. Жүр, көрсетейін. Менің купем. Басқа орын жоқ қой. 8 мыңға мынаны беремін. Ол - үшінші «полка». Ал екінші «полка» 12 мыңға кетіп қалады», - дейді жолсерік. Көкшетау вокзалындағы делдалдар да камераға түсіп қалды. 

Соңғы жаңалықтар