+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қызылорда кәсіпкерлері ауруханаларға 39,7 млн теңгенің медициналық жабдықтарын табыстады

2020 жылғы 5 тамыз 09:54
Бөлісіңіз:
Қызылорда кәсіпкерлері ауруханаларға 39,7 млн теңгенің медициналық жабдықтарын табыстады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында кәсіпкерлер медициналық мекемелерге жалпы құны 39,7 млн. теңгені құрайтын 1 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен 15 оттегі концентраторын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұрынғы басшысының ісі сотқа берілді Бельгияда коронавирустың «британдық» штаммы тарап жатыр COVID-19 шалдыққандарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы бірқатар медициналық мекемені аралау барысында емдеу мекемелерінің жай-күйімен танысты.

Айта кетелік, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен және кәсіпкерлердің қолдауымен 39,7 млн. теңгеге медициналық жабдықтар алынған болатын. Нәтижесінде емдеу орындарына 1 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен 15 оттегі концентраторы табысталды. Оларды алуға «Сәт-Сервис», «Бақ-Береке 2030», «Асанас-Дар», «МетПромМонтаж», «Нұр-Ай Ақжол», «Алтын Айдарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Сапақ» өндірістік кооперативі қаржылай қолдау көрсетті.

Жаңа құрылғылар қалалық, облыстық жұқпалы аурулар, облыстық балалар ауруханаларына және «Ана мен бала» орталығына табысталды. Қала әкімі сын сәтте демеушілік танытқан кәсіпкерлерге тұрғындар атынан алғыс білдірді.


Нұрлыбек Нәлібаев одан кейін медицина саласындағы мәселелерге назар салды. Мәселен облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова өзі басқаратын емдеу мекемесінің реанимация бөліміне жөндеу қажет екенін мәлімдеді. Негізінде 12 орынға лайықталған орталық 3 жылдан бері тек ағымдық жөндеуден өтіп келген. Алайда, жансақтау бөлімі толығымен жаңалауды қажет етеді. Бұл мәселені қала әкімі демеушілік есебінен жақын уақытта шешіп беретінін жеткізді.

Айта кетейік, қауіпті вируспен күресте жергілікті еріктілер де белсенділік танытты. Олардың қатарында кәсіпкерлер, құрылысшылар және мәслихат депуттары да бар.

Пандемия кезінде 400-ден астам дәрігер отбасынан оқшауланып, белгіленген ғимараттарға орналастырылды. Оларға қала кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Мәселен, «Қызылорда» қонақ үйі 110 дәрігерді жатын орынмен қамтамасыз етсе, «Бәйтерек» қонақ үйінде 49 дәрігердің демалуына жағдай жасалды. Сондай-ақ, «Арбат» қонақ үйінде облыстық туберкулез диспансерінің 30 дәрігеріне орын берілді.

Сондай-ақ, Қызылордаға соңғы аптада 200 оттегі концентраторы жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT