+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қызылорда қарқынды дамып келе жатқан өңірлер бестігіне кірді

2019 жылғы 1 мамыр 02:49
Бөлісіңіз:
Қызылорда қарқынды дамып келе жатқан өңірлер бестігіне кірді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің үздік бестігіне кірді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент - Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік», - деп атап көрсетті.

Сыр өңірінде мұндай оң өзгеріс соңғы алты жылда мұнай мен газ көлемінің төмендеуіне қарамастан өз нәтижесін берді. Аймақта өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны, экономикаға инвестиция тарту, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша аймақтың өсу көрсеткіші еліміздегі орташа көрсеткіштен жоғары болып тұр.

Еліміздің ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны, экономикаға инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшылар қатарында келеді.

«Биылғы І тоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция 84 млрд теңгені құрады. Ол өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Ол - республика бойынша ең үздік көрсеткіш. Жалпы, соңғы 6 жылда өңдеу өнеркәсібі өнімінің өндіріс көлемі 71% артты. Бұл көрсеткіш республика бойынша есепті кезеңде орташа есеппен 16,2% құрайды», - деді Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT